Energо University-де Донор күні
Energо University-дің CCC студенттік қайырымдылық ұйымы және студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті Қызыл жарты ай мен Республикалық қан орталығының қолдауымен ЖОО-да Донор күнін өткізді. Акцияға мұқтаждарды қолдау үшін қан тапсырған 100-ге жуық университет студенттері мен қызметкерлері қатысты.
Қан тапсырар алдында әрбір қатысушы донорлыққа кедергі келтіретін аурулардың бар-жоғын міндетті түрде тексеруден өтті, сондай-ақ өзінің қан тобы мен резус-факторын білді.
Energo University-дің студенттермен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары Алмас Калила мұндай акциялар донорлықтың маңызды рөлі туралы хабардарлықты арттыратынын және студенттер ұжымының бірігуіне ықпал ететінін атап өтті.
Оқиғалар
Студенттік өмір
Жаңалықтар Energo University