30.12.2022
Республикалық сайыс нәтижелері «ЖОО үздік оқытушысы-2022»
Бүгін «ЖОО үздік оқытушысы-2022» конкурсының жеңімпаздары жарияланды. Республикалық конкурс барысында комиссия мамандық үздіктерін іріктеді. Нәтижесінде Университетіміздің «Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Асель Амангельдиевна Абикенова және «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Асель Коптлеувна Мукашева жеңімпаз атанды.
Конкурс жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби өсуге ынталандыру мақсатында өткізіледі. Әріптестерімізге телегей табыс, шығармашылық шабыт және асқақ абырой тілейміз!
Жаңалықтар Energo University