Франция Университеттерінің Көмекқар Алматы Энергетика және Байланыс Университетімен кездесуі
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде 2023 жылдың 31 қазанында Франция университеттерінің өкілдері: Франция Халықаралық Атом энергиясы институтының (I2EN) жоба жетекшісі-Әсел Байсенгировамен, Француз халықаралық Атом энергиясы институтының (I2EN) атқарушы директоры-Карен Дайфукумен, Франция Атлантикалық университетінің профессоры-Стефан Роймен, Француз Гренобль INP Phelma университетінің профессорлары: Николас Капелланмен, Анн-Мари Бонамен және Жан Эммануэль Брокенмен, Француз Гренобль INP Pagora университетінің профессоры-Северин Ван Гастельмен кездесу өткізілді.
Кездесу нәтижесінде атом энергетика бағыттары бойынша бірқатар мәселелер, сондай-ақ бағыттар бойынша студенттердің ынтымақтастығы мен алмастырылуы талқыланды.
Жаңалықтар Energo University