01.02.2024
Energo University-дің психологтары Psycho Express-тің кезекті жобалық кездесуіне қатысты
31 қаңтарында Energo University-дің психологиялық қызметінің психологтары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастырған кезекті «Psycho Express» жобасына қатысты.
Іс-шараға Алматы қаласының 11 ЖОО-ның психологтары ат салысты. Шақырылған мамандар аталған оқу орнының студенттерінің психологиялық иммунитетін арттыру және эмоционалдық шаршаудың алдын алу мақсатында психологиялық консультация мен диагностикалық көмек көрсетті. «Psycho Express» жобасы қала жастары үшін өз маңыздылығы мен өзектілігін тағы да дәлелдеді.
Жаңалықтар Energo University