18.04.2024
Energo University – дің студенті «Телекоммуникация» бағыты бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегері
Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың марапаттарын жинауды жалғастыруда. Астанада ҚазАТУ базасында өткен "Телекоммуникация" бағыты бойынша зияткерлік жарыстарға еліміздің түкпір-түкпірінен 16 ЖОО қатысты.
"РЭТ" мамандығы бойынша Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының 3-курс студенті Адиль Айдана үздік нәтиже көрсетіп, 3-ші орынды иеленді.
Айдананы осы жетістігімен құттықтаймыз және оқуда алдағы табыстарды тілейміз!
Жаңалықтар Energo University