«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерц...

Energo University

Студенттік жатақхана кеңесі

Студенттік жатақхана кеңесі - бұл жатақханада тұратын студенттердің өзін-өзі басқару органы


Жатақхана студенттер кеңесі (көп жағдайда студкеңес деп аталады) — жатақханада тұратын студенттердің өзін-өзі басқару қоғамдық органы. Бұл кеңесті студенттердің өздері құрып, тәрбиелік, мәдени-ұйымдастырушылық, спорттық жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ тәртіпті, ішкі ережелерді сақтау мен тұрмыстық жағдайды жақсартуға атсалысады.

 

Студенттер кеңесі оқытушылармен, ғалымдармен, жазушылармен, мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырады. Сонымен қатар дискотекалар, тақырыптық кештер, зияткерлік ойындар, концерттер, кино көрсетілімдері мен мерекелік шаралар өткізеді. Спорттық жарыстар, квесттер, үстел ойындары мен командалық спорт түрлерінен турнирлер ерекше орын алады.

 

Кеңес сонымен қатар жатақхананың тұрмыстық жағдайын жақсартумен айналысады: сенбіліктер ұйымдастырып, мерекелерге орай бөлмелер мен қабаттарды безендіруге көмектеседі, санитарлық жағдайды қадағалайды.

 

Студенттер кеңесі — бұл жатақханадағы жайлы орта мен достық атмосфераны қалыптастырып, студенттердің өз бастамаларын жүзеге асыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар тауып, жарқын студенттік өмір сүруіне мүмкіндік беретін белсенді, ынталы жастар командасы


Map Icon

Клуб мекен-жайы

Біздің кеңсеге келіңіз

улица Шашкина 14а

Phone Icon

Телефон

Бізбен телефон арқылы байланысыңыз

+7 775 221 5133