Заманауи стендтермен, макеттермен, өлшеу аспаптарымен және компьютерлермен жабдықталған оқу зертханалары:
* Cisco зертханасы, (АЭжБУ Қазақстанда алғашқылардың бірі болып CISCO аймақтық академиясы мәртебесін алды.
* Huawei академиясы-ICT саласының талаптарын толығымен қанағаттандыратын студенттерге арналған коммерциялық емес білім беру бағдарламасы. Бағдарлама студенттерді оқытуға арналған онлайн платформаны, сондай-ақ оқытудың әртүрлі әдістерін қамтиды
* АҚМ ҒТО "Сымсыз желілердің қауіпсіздігі және криптожүйелерді құру" оқу-ғылыми зертханасы.
* "Doctor Web" компаниясының оқу орталығындағы ақпаратты қорғауды бағдарламалау зертханасы
* "Kaspersky Lab" зертханасы, ол АЭжБУ студенттеріне киберқауіптер, олардан қорғау әдістері туралы ең өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді және бастаушы мамандарға оқыту кезеңінде де "Касперский Зертханасының"жобалары мен әзірлемелеріне қатысуға мүмкіндік береді
* Омар Тұрғанбек атындағы "Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері" ғылыми-техникалық орталығы (АҚМ ҒТО)
* ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздік зертханасы
* желілік технологиялар қауіпсіздігі зертханасы
* ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары зертханасы
* "Fortinet" желілік қауіпсіздік зертханасы