Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

7М11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: магистр деңгейі

чек иконка Түсу кезіндегі өту баллы: 70

чек иконка Диплом алудың міндетті шарты: не менее 120 кредитов

Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды

Мақсаттар

Бағдарлама түлектері адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғау бойынша заманауи шешімдер ұсынуға дайындалады. Оқыту барысында студенттер экология негіздерін, өндірістік және өрт қауіпсіздігін, тәуекелдерді басқару мен қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістерін меңгереді. Негізгі назар тәжірибелік дағдыларды дамытуға және табиғатты қорғау жобаларын әзірлеуге бөлінеді.

ON1 Докторантурада оқуды жалғастырып, кейін білім беру мекемелерінде немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеу, кәсіби стандарттарға негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеуді меңгеру.
ON2 Техносфералық қауіпсіздік және тіршілік ортасының қауіпсіздігі саласында күрделі инженерлік-техникалық әзірлемелерді жүзеге асыру, ғылыми зерттеулер негізінде өндірістік шығарындыларды азайтатын заманауи құралдарды таңдау.
ON3 Қоршаған ортаны ластауы мүмкін негізгі технологиялық процестердің әсерін бағалау және өнеркәсіптік шығарындыларды, қалдықтар мен ағын суларды залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату әдістері мен құралдарын таңдауға техникалық-экономикалық негіздеме жасау.
ON4 Ғылым философиясы, психология және педагогика салаларындағы негізгі мәселелерді анықтау, еңбек гигиенасы мен еңбекті қорғау негіздерін оқытудың заманауи әдістерін қолдану, түрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы шешім табу және басқарушылық шешімдер қабылдау, соның ішінде оқу орталығын ұйымдастыру мен басқаруда.
ON5 Кәсіпорындарда еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және жұмылдыру қызметтерінің басшысы немесе маманы, жобалау ұйымдарындағы жобалаушы және сарапшы, ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми қызметкер ретінде жұмыс атқару.
ON6 Заманауи жабдықтарды қолдана отырып, инженерлік және ғылыми эксперименттер жүргізу арқылы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру және оқыту.
ON7 Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-инновациялық қызметті жоспарлау мен басқарудың заманауи бағыттарын пайдалану, зерттеу мен проблемаларды шешу бойынша міндеттерді қою және шешу.
ON8 Жобалау және пайдалану кезеңдерінде қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, техникалық жүйелердің сенімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және өндірістік-экологиялық қызметтегі, соның ішінде техногендік және табиғи төтенше жағдайлар кезіндегі тәуекелдерді есептеу.
ON9 Кәсіби тақырыптарды халықаралық ортада шет тілінде талқылау, ғылыми-техникалық және педагогикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша әңгіме жүргізу.
ON10 Жоғары қауіпті жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістегі жарақаттарды егжей-тегжейлі талдау арқылы еңбекті қорғау жүйесінің жай-күйіне сараптама жүргізу.
ON11 Өнеркәсіптік нысандардағы өрт және электр қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізу және егжей-тегжейлі талдау арқылы қауіп деңгейі жоғары аймақтарды болжау, оларды азайту немесе алдын алу бойынша тиімді ғылыми және инженерлік-техникалық іс-шараларды әзірлеу.

- АО "KEGOC";

-  АО «КазМунайГаз Өнімдері»;

АО «Самрук-Энерго»

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

- РММ «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеті»

- ТОО «ТенгизШеврОйл»

-  ГУ «Департамент по чрезвычайным ситуациям»

ТОО «НефтеСтройСервис»;
- ТОО «Caspian Logistic & Procurement»  и др.

Энерго университетінде оқуды бастаңыз