Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Техника ғылымдарының магистрі
Оқыту тілдері:
қазақ, орыс
Түр:
магистр деңгейі
Түсу кезіндегі өту баллы:
75
Диплом алудың міндетті шарты:
не менее 120 кредитов
Мақсаттар
«Автоматтандыру және басқару» ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы интеллектуалды басқару жүйелерін, робототехниканы және автоматтандырылған технологияларды әзірлеу саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама заманауи басқару әдістерін, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті және өнеркәсіптік автоматтандыруды, сондай-ақ инженерлік пәндерді оқыту әдістерін қамтиды. Түлектер ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқытушылық қызметпен айналысуға және жоғары технологиялық кәсіпорындарда жұмыс істеуге қажетті құзыреттерге ие болады.
- ON-1. Ғылыми зерттеу процесінің негізгі кезеңдерін білу. ЗЕШТ негіздерін және зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру;
- ON-2. Сапалық және сандық көрсеткіштері сипаттамаларын ескере отырып автоматтандыру жүйелерін диагностикалау және сенімділігін талдау әдістерін меңгеру.
- ON-3. БЖ параметрлерін есептеу, реттеуіштер аналитикалық конструкциялау рәсімдерін меңгеруі.
- ON-4. Кәсіби дайындық саласындағы педагогикалық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарға және ғылыми-зерттеу қызметіне дайындығын көрсету. Белсенді әлеуметтік ұтқырлық қабілетін көрсету, жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше меңгеру, қызметтің әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік жағдайларын өзгерту процесінде кәсіби қызметінің ғылыми немесе өндірістік профилін өзгерту.
- ON-5. Айнымалы құрылымды жүйелерді синтездеу, модальды басқару, идентификация және адаптация, т.б. негізгі әдістерін меңгеру.
- ON-6. Программалық және тұрақтандырушы оңтайлы басқару және интеллектуалды басқару жүйелерді синтездеу дағдыларын игеру.
- ON-7. Цифрлық басқару жүйелері ерекшеліктерін білу. Өндірістік процестерді автоматтандыру кезінде цифрлық реттегіштерді талдай білу.
- ON-8. Мәліметтерді интеллектуальды талдау, дескриптивті талдау, корреляциялық және регрессиондық талдау және т.б. негізгі әдістерін меңгеру.
- ON-9. Технологиялық және басқару мәліметтерін алу және жеткізу мақсатында жүйешелердің өзара байланысын қамтамасыз ететін MES-жүйелерді жасау машықтарын игеру.
- ON-10. Микропроцессорлық басқару жүйелерін (МБЖ) құру әдістерін меңгеру. МБЖ аппараттық және программалық құралдарын жобалай білу.
Магистратура түлектері автоматтандыру, басқару және технологиялық процестерді цифрландыру салаларында инженерлік, ғылыми-зерттеу және басқарушылық лауазымдарда жұмыс істейді.
Олар мұнай-газ, энергетика, тау-кен және өндіріс салаларындағы жетекші компанияларда еңбек етеді, соның ішінде:
- Тенгизшевройл;
- Karachaganak Petroleum Operating B.V.;
- КазМунайГаз;
- Казахмыс;
- Siemens AG;
- ABB Ltd. және басқа да ұйымдарда.
Магистратура түлектері терең теориялық дайындық пен ғылыми-зерттеу дағдыларына ие, бұл оларға:
- ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға;
- гранттық және инновациялық жобаларға қатысуға;
- ғылыми-зерттеу институттарында және жобалау ұйымдарында жұмыс істеуге;
- жоғары оқу орындарында оқытушы болуға және PhD докторантурасына түсуге мүмкіндік береді.
Түлектер Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелде де табысты еңбек етуде.
«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының материалдық-техникалық базасы автоматтандыру, цифрландыру және Индустрия 4.0 саласында мамандар даярлау талаптарына сәйкес келеді.
Кафедрада заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған мамандандырылған оқу-зертханалық аудиториялар мен компьютерлік сыныптар бар:
- «Автоматтандыру элементтері мен құрылғылары» зертханасы
- Цифрлық өлшеулер және автоматтандыру зертханасы (LabVIEW)
- SIEMENS өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
- Shneider өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
- ABB өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
- «Торнадо» ТП модульдік макеттер зертханасы
- Festo технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелері (АСУ ТП) зертханасы