Автоматтандыру және басқару

Философия докторы (PhD)

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: докторантура

чек иконка Түсу кезіндегі өту баллы: 75

чек иконка Диплом алудың міндетті шарты: не менее 180 кредитов

Автоматизация и управление

Мақсаттар

«Автоматтандыру және басқару» докторантура бағдарламасы өнеркәсіп пен өндіріс үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама киберфизикалық жүйелер, цифрлық басқару, робототехника және интеллектуалды технологиялар саласындағы зерттеулерге ерекше назар аударады. Түлектер күрделі жүйелерді жобалау және оңтайландыру, ғылыми зерттеулер жүргізу және жоғары технологиялық компанияларда жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

  • ОН- 1.  Ғылыми- зерттеу жұмысының мазмұнын ашу. Шешім қабылдау нұсқаларын негіздеу, талдау және тұжырымдау. Автоматтандыру және басқару жүйелерін құру кезінде ғылыми зерттеу және жүйелік талдау әдістерін қолдануды білу.
  • ОН- 2. Сараптамалық жүйелерді, анық емес логикалық және нейрондық құрылымдарды қолдана отырып, басқару жүйелерін синтездеудің интеллектуалды әдістеріне ие болу.
  • ОН-3. Технологиялық кешендерді, өндірістік және бизнес-процестерді жоспарлау, жобалау, инженерлік талдау және басқару үшін бағдарламалық құралдардарды және технологияларды игеру.
  • ОН- 4. Заманауи математикалық әдістер мен құралдар негізінде автоматика саласындағы басқару алгоритмдері мен иммитациялық модельдерін құру және зерттеу.
  • ОН- 5. Өндірісті басқарудың тиімділігін арттыру үшін жаңа ақпараттық технологиялар мен
    мәліметтерді үлкен көлемде өңдеу әдістерін қолданады игеру.

PhD докторантура түлектері автоматтандыру, басқару және цифрлық технологиялар саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асырады.

Докторанттар:

  • фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді;
  • ғылыми және инновациялық жобаларды басқарады;
  • интеллектуалды басқару жүйелерін, цифрлық және робототехникалық технологияларды әзірлейді;
  • жоғары оқу орындарында ғылыми кадрларды даярлайды.

Түлектер жұмыс істейді:

  • жоғары оқу орындарында — оқытушы, доцент, зерттеуші;
  • ғылыми-зерттеу институттарында және жобалау ұйымдарында;
  • ұлттық және халықаралық компанияларда, соның ішінде
    Siemens AG, ABB Ltd., КазМунайГаз;
  • мемлекеттік құрылымдарда және сараптамалық орталықтарда.

PhD докторантура түлектері ғылыми дербестік, халықаралық журналдарда жарияланымдар және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке ие болады.

Түлектер Қазақстан Республикасында және шетелде табысты еңбек етуде.

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасының материалдық-техникалық базасы автоматтандыру, цифрландыру және Индустрия 4.0 саласында мамандар даярлау талаптарына сәйкес келеді.

Кафедрада заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған мамандандырылған оқу-зертханалық аудиториялар мен компьютерлік сыныптар бар:

  1. «Автоматтандыру элементтері мен құрылғылары» зертханасы
  2. Цифрлық өлшеулер және автоматтандыру зертханасы (LabVIEW)
  3. SIEMENS өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
  4. Shneider өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
  5. ABB өнеркәсіптік автоматтандыру зертханасы
  6. «Торнадо» ТП модульдік макеттер зертханасы
  7. Festo технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелері (АСУ ТП) зертханасы

Energo University-де оқуды бастаңыз