Energo University

Ақпараттық жүйелер

Техника және технология бакалавры

чек иконка Профиль элементтері: Математика + Информатика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

чек иконка Проходной балл: 70

чек иконка Количество ECTS: не менее 240 кредитов

Информационные системы

Мақсаттар

Ақпараттық жүйелер және технологиялардың әртүрлі салаларында сапалы, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы және кешенді даярлауды қамтамасыз ету.

  • IT менеджмент

  • Мультимедиа жүйелер және виртуальды шындық 

  • Интеллектуалды акпараттық жүйелер

ON-1. Барлық қызмет салаларында гуманитарлық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық, экономикалық ғылымдар, физика және жоғары математика білімдерін қолдану

ON-2. Деректер құрылымын және есептерді шешу алгоритмдерін құру, олардың бағдарламалық іске асырылуын орындау, Ақпараттық жүйелер мен желілерді сүйемелдеу.

ON-3. Ақпараттық жүйелерде әртүрлі процестерді жобалауда математикалық және/немесе Имитациялық модельдер мен әдістерді қолдана білу.

ON-4. Ақпараттық жүйелердің деректер қорын жобалау және басқару. Компьютерлік жүйелер мен желілерді басқару негіздерін меңгеру.

ON-5. Ақпараттық жүйенің архитектурасын жобалай білу. Жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды дәлелдеу.

ON-6. Сараптамалық, зияткерлік, роботехникалық жүйелерді жобалау, құру. Оларды жобалау кезінде оңтайлы шешімдерді таңдау.

ON-7. Ақпараттық жүйелердің эргономикалық дизайнын жобалау. Мобильді, желілік қосымшаларды құрудің заманауи құралдары мен ортасын меңгеру.

ON-8. Ақпараттық қауіпсіздік және жүйелердің сенімділігі алгоритмдері мен әдістерін жобалау. Басқарушылық және техникалық шешімдерді қабылдай білу.   

ON-9. Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін білу және оларды зерттелетін салада қолдану. Зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолдану. Академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсіну

  • жетекші компьютерлік компаниялар «ALSI», «Logycom», «RealSoft»;
  • телекоммуникация және байланыс саласы («Қазақтелеком», «K-SeII», «Beeline», «Dalacom», «Neo»);
  • компаниялардың желілік әкімшілендірумен, деректер қорын әкімшілендірумен, ақпараттық қауіпсіздікпен, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен, компьютерлік технологиялармен, микропроцессорлық жүйелермен, компьютерлік және желілік технологиялармен жұмыс істеуге байланысты бөлімдері, атап айтқанда: Seiko Epson Co, Samba Construction , OMEGA.KZ ЖШС, Alfa технологиялары, ALTERNATE, N-Com LLP, Newinttech, BP Solution және басқа да озық, табысты дамып келе жатқан ұйымдар;
  • банк секторы («Наук», «KazCom» банктері және т.б.);
  • Ішкі істер министрлігі және салық полициясы.

Сонымен қатар, түлектер тек Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де табысты жұмысқа орналасуда.

Компьютерлік сыныптар IT мамандарының барлық оқу талаптарына жауап беретін заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. 

Арнайы зертханалар бар: 

1. Apple Lab;

2. Hewlett-Packard құзыретті орталығы; 

3. HUAWEI академиясы;

4. Dahua инновациялық шешімдер зертханасы;

5. KasperskyLab; 

6. Толықтырылған және виртуалды шындық зертханасы;

7. Жасанды интеллект және машиналық оқыту зертханасы;

8. CISCO желілік академиясы;

9. Инновациялық бағдарламалық шешімдер зертханасы;

10. Үлкен деректер және аналитика зертханасы.

Энерго университетінде оқуды бастаңыз