«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ 2025/2026 оқу жылына «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ Тұңғыш ректоры Ғұмарбек Даукеев атындағы атаулы білім гранты мен атаулы шәкірақысын тағайындау туралы конкурс жариялады.
Өткізілетін конкурс туралы ережемен сайтта танысуға болады.
Конкурсқа қатысқысы келетін студент өз институтының директорына келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- тобы, байланыс үшін ұялы телефон нөмірі және e-mail көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініші, ұсынылған құжаттар тізімі;
- өтінішпен бірге студенттік топ эдвайзері берген мінездеме; АЭжБУ оқу кезеңіндегі жетістіктерін растайтын құжаттар, әлеуметтік мәртебесі.
Өтініштер 2025 жылғы 05 қыркүйек сағат 24:00 дейін қабылданады.
Сілтеме: https://energo.university/kz/resources/material/59/