Каршегенов Алтынбек Тлеугалиевич

Каршегенов Алтынбек Тлеугалиевич

«Атырау Жарық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

Қаршегенов Алтынбек Төлеуғалиұлы 1977 жылғы 10 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Алматы энергетика және байланыс институтының (АИЭС) жылуэнергетика факультетін «Байланыс кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-экономист біліктілігін алған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін энергетика саласында еңбек жолын бастап, менеджерден коммерциялық директорға дейінгі кәсіби жолдан өткен.

2010 жылдан бастап Ақмола облысының энергетика жүйесінде басшылық қызметтер атқарған. Өндірістік міндеттерді шешуде мол тәжірибесі бар.

2016–2021 жылдары қалалық мәслихаттың депутаты болды. 2021 жылы Ақмола облыстық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып сайланды.

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен және ведомстволық наградалармен марапатталған.