Energo University

Тютебаев Серик Суинбекович

Тютебаев Серик Суинбекович

«Самрұқ-Энерго» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі

Тютебаев Серик Суинбекович 1958 жылғы 27 мамырда дүниеге келген.
1981 жылы Алматы энергетикалық институтын «инженер-жылуэнергетик» мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы сол оқу орнын «Энергетика саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары біліммен аяқтады.

1981–1983 жж. – «СреднеАзЭнергоМонтаж» мекемесінде іске қосу-баптау басқармасының шеберінің көмекшісі.

1983–1984 жж. – Алматы энергетикалық институтында еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері.

1984–1998 жж. – АТЭЦ-2-де турбиналық цехта машинист, аға машинист, ауысым бастығы, турбиналық цех бастығы, одан кейін – «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері және басқарушы директоры.

2007–2010 жж. – «Алматинские электрические станции» АҚ ТЭЦ-2 басқарушы директоры.

2010–2011 жж. – «Алматинские электрические станции» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2011–2013 жж. – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

2013–2014 жж. – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2014–2016 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы.

2016–2022 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылдың маусымынан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.