Искаков Аскар Кежекович
АЭжБУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, «Zhersu» корпорациясының Қадағалаушы кеңесі төрағасының кеңесшісі
Искаков Асқар Кежекұлы 1956 жылдың 27 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген.
1978 жылы Алматы энергетикалық институтының электр энергетика факультетін «инженер-электрик» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие.
1978–1995 жылдар аралығында ғылыми қызметпен айналысты. Алматы энергетикалық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Мәскеу энергетикалық институтында аспирантура мен ғылыми тағылымдамадан өтті.
1995–2005 жылдар аралығында түрлі бизнес құрылымдарды басқарды.
2005 жылдың қараша айынан бастап «Батыс Транзит» АҚ-ның бас директоры, басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі әрі кейін төрағасы қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасының және ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.