Оспанов Бауыржан  Кеңесбекұлы

Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы

Қазақстандық кәсіпкер, меценат

Оспанов Бауыржан Кенесбекұлы 1968 жылғы 12 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Жыланды ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматы энергетика институтына «Электр станциялары» мамандығы бойынша оқуға түсті. Техника ғылымдарының кандидаты.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.

Энергетика институтын аяқтағаннан кейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты. Кейіннен «TSC Group Corporation» корпорациясына, ал одан әрі «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясына айналған бірқатар компанияларды басқарды. Қазіргі таңда ИӨК «ZHERSU» 2000-нан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Еңбек жолы:

1992–1995 жж. — «Технопром» ҒӨК, коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары;

1995–1997 жж. — «Назар» АҚ, вице-президент;

1997–2001 жж. — «АЕК Инжиниринг» ЖШС, директордың орынбасары;

2001–2008 жж. — «TSC Group Corporation» ЖШС, Директорлар кеңесінің төрағасы;

2008 жылғы 1 қазаннан бастап — «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясы ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.