Energo University

Сергазиева Айнура Камидоллаевна

Сергазиева Айнура Камидоллаевна

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары

Сергазиева Айнура Камидоллаевна 1991 жылғы 23 маусымда дүниеге келген.

Ол Алматы энергетика және байланыс университетінде радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша техникалық ғылымдар бакалавры және магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2010 жылы осы университетте бастап, 2015 жылға дейін білім беру процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысы бағытында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2016–2018 жылдары ол цифрлық саладағы жұмысын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жалғастырды, мұнда маман және жетекші маман ретінде еңбек етті.

2018–2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингінде түрлі басшылық қызметтер атқарды: жоба менеджері, бағдарлама менеджері, мемлекеттік бағдарламалар жетекшісі, атқарушы хатшы және басқарушы директор.

2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Айнұра Сергазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Ол мемлекеттік қызметті цифрлық трансформациялауға жетекшілік етеді.