Беркимбаев Айдар Чарлизович
TOO «QazCloud» компаниясында ЦОД энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жетекшісі
Беркимбаев Айдар Чарлизович 1970 жылы 27 қарашада дүниеге келген.
1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын «инженер–жылу энергетик» (өндірістік жылуэнергетика) мамандығы бойынша бітірген.
2003 ж. – «Арна» университетін «геофизикалық іздеу және барлау әдістері» мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері–геофизик біліктілігін алды.
2008 ж. – Қазақ спорт және туризм академиясын аяқтап, жаттықтырушы, дене шынықтыру және күрес пәнінің оқытушысы мамандығын алды.
Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданындағы «Гигант» көкөніс-жеміс кеңшарында бастаған.
Жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарған.
«Алматинские электрические станции» АҚ:
мердігерлік жұмыстар бөлімі маманы;
бөлім басшысы (2014 жылғы қараша – 2018 жылғы қазан).
Алматы облысының энергетика және ТКШ басқармасы:
басшысы (2018 жылғы қазан – 2019 жылғы қазан).
«Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС:
бас директоры (2019 жылғы қазан – 2020 жылғы қазан).
Алматы қаласының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасы:
басшысы (2020 жылғы қазан – 2021 жылғы тамыз).