Energo University

Жылу электр станциялары

"Жылу энергетикасы" мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

чек иконка Профиль элементтері: математика + физика

чек иконка Оқыту тілдері: қазақ, орыс

чек иконка Түр: бакалавр дәрежесі

чек иконка Проходной балл: 70

чек иконка Количество ECTS: не менее 240 кредитов

Тепловые электрические станции

Мақсаттар

Жылу энергетика саласында қажетті теориялық және практикалық білімі, іскерліктері мен дағдылары бар және кәсіптік қызметте оларды іске асыра алатын, жылу энергетиканы дамытуда сапалы серпіліс жасауға дайын, отандық және әлемдік зияткерлік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне жауап беретін жоғары білікті кадрларды дайындау

• Жылу электр станциялары 
• Газ турбиналық және бу-газ технологиялары

ON1 Кәсіби ортада және қоғамда ауызша және жазбаша, оның ішінде шет тілінде коммуникациялық дағдыларды көрсетеді, тұлғааралық қарым-қатынаста және мәдениетаралық ортада өз көзқарасын, идеялық және азаматтық ұстанымын қалыптастырады және дәлелді қорғайды

ON2 Кәсіби саладағы инженерлік міндеттерді шешу үшін пәнаралық контексте базалық математикалық, жаратылыстану-ғылыми, экономикалық және құқықтық білімді көрсетеді және қолданады.

ON3 Дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады, жинақталған тәжірибені сын тұрғысынан ұғынады, өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен білім алу және кәсіби жетілдіру қабілетін көрсетеді

ON4 Кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін, цифрлық технологияларды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады, үлкен көлемдегі мәліметтерді талдау және сақтау әдістерін, жылу энергетикасы объектілерін жобалау, модельдеу, оңтайландыру үшін жасанды интеллект элементтерін қолданады

ON5 Кәсіби саладағы инженерлік есептерді шешуде техникалық термодинамиканың, жылу масса алмасу теориясының, гидрогазодинамиканың базалық білімін көрсетеді және қолданады

ON6 Конструкциялық материалдардың сапасын таңдау және бақылауды жүзеге асыру, энерго қондырғыларының бөлшектері мен тораптарын беріктікке есептеу, электротехникалық құрылғылардың сипаттамаларын таңдау және анықтау, су мен отынды дайындау схемаларын таңдау және есептеу қабілетін көрсетеді

ON7 Өнеркәсіптік, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, өндірістік санитария және еңбек қауіпсіздігі стандарттары мен ережелерін қолдану қабілетін көрсетеді

ON8 Жылу энергетикалық жүйелер мен қондырғыларды метрологиялық қамтамасыз етуді, берілген өкілеттіктер шегінде жылу энергетикасы кәсіпорындарындағы технологиялық процестерді автоматтандырылған басқаруды жүзеге асырады, жылу энергетикалық жүйелерді тиімді басқару үшін имитациялық модельдеу әдістерін қолданады

ON9 Жылу энергетикалық және жылутехнологиялық жабдықтарды пайдалануды, қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, берілген өкілеттіктер шегінде энергия қондырғыларына сынақ жүргізу және тәжірибелік зерттеулер жүргізу

ON10 Энергия және ресурс үнемдеу бойынша іс - шараларды әзірлейді, өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық тексерулерін орындайды, жылу энергетикасында жаңа энергия үнемдеуші технологияларды бейімдейді

ON11 Жылуэнергетикалық жүйелердің жылу сұлбаларын әзірлейді, жылуэнергетикалық жабдықтарды таңдау кезінде негізделген шешімдер қабылдайды, техникалық тапсырмаға сәйкес компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, типтік әдістемелер бойынша жылу сұлбаларын, жылуэнергетикалық жабдықтарды есептеуді жүргізеді

ON12 Жұмыс орындарын және оларды техникалық жарақтандыруды ұйымдастырады, технологиялық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, өндірістік бөлімше қызметінің нәтижелерін талдайды, ұйымдастыру-технологиялық және есеп беру құжаттамасын әзірлейді

ON13 Оқу саласындағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады; ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін біледі және оларды оқу саласында қолданады; академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің салдарын түсінеді

  • Кәсіби қызмет саласы-жылу энергетикасы жылуды генерациялау және қолдану, оның ағындарын басқару және энергияның әртүрлі түрлерін жылуға түрлендіру үшін құрылған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын қамтитын техниканың құрамдас бөлігі ретінде.
  • Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектер жылу және атом электр станцияларында, ЖЭС, АЭС үшін негізгі және көмекші жабдықтарды жобалаумен, қызмет көрсетумен, сынаумен, жөндеумен және баптаумен, жеткізумен және сатумен айналысатын инжинирингтік компанияларда; ғылыми-зерттеу ұйымдарында; жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады.
  • АЭжБУ жылу энергетикасының түлектері «ERG компаниялар тобы», «Қазақмыс», «Казцинк» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлЖЖ» ЖШС, Ш. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми зерттеу институты, «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» Институты» АҚ, «Сименс Қазақстан» ЖШС, «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Алматыжылужайэнерго» ЖШС, Екібастұз «ГРЭС-1» және «ГРЭС-2», «Ақтөбе ЖЭО» АҚ және т.б. сияқты Қазақстанның Жылу энергетикасы саласының кәсіпорындарында жұмыс істейді. АЭИ «ЖЭ» («АЭжБУ») кафедрасының көптеген түлектері өндірісте және бизнесте жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

А015 – Жылумен қамтамасыз ету және жылу жүйелері;

А016 – Оқу шеберханасы;

А107 - Жылу электр станциялары

А109 - Сығымдағыштар және жылу қозғалтқыштары

А111 - Қазандық қондырғылары мен бу генераторлары

А229 - Энергия тасымалдағыштарын өндіру және тарату жүйелері

А231 - Отын және жылу техникалық қондырғылары

А233 - Су дайындау және су-химиялық режимдер

А323 - Сұйықтық және газ механикасы

А407 – Химия

А409 – Химия

А413 - Материалтану және конструкциялық материалдар

В133 - Су дайындаудың физика-химиялық әдістері

В134 - Жылу техникалық өлшеулер және автоматтандыру

В 135- Техникалық термодинамика және жылу масса алмасу

А 503- «Жылу энергетикасын дамыту мәселелерін зерттеу» ғылыми-техникалық орталығы

А 505 - «Отын жағушы құрылғылар мен газ турбиналары» ғылыми зертханасы

А508 - «Су дайындау және жабдықтарды коррозиядан қорғау» ғылыми зертханасы

Energo University-де оқуды бастаңыз